Accessibility links

Назарбаев зейнетақы қоры қаржысын бизнеске салуды тапсырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев зейнетақы қорындағы 1 триллион 450 миллиард теңгені бірқатар жобаға инвестиция ретінде салуды тапсырды.

Ақорданың Twitter-дегі парақшасында хабарлауынша, Назарбаев бұл жайлы Астанада өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан.

Назарбаев 2015 жылы қарашада жыл сайынғы халыққа жолдауында зейнетақы қорындағы қаржыны бизнесті несиелендіруге жұмсауды доғаруды тапсырған. Президент ол кезде зейнетақы қаржысы бюджет тапшылығын толтыруға ғана пайдаланылуы мүмкін екенін айтқан.

Назарбаев бұған қоса үкіметке "Нұрлы жол" бағдарламасындағы инфрақұрылымдық жобаларды жеделдету үшін 2016 жылы 76 миллиард теңге бөлуді де тапсырған.

XS
SM
MD
LG