Accessibility links

Донецк: Мина жарылысынан 3 адам қаза тапты


Донецк маңында минаға түсіп қалған шағын жолаушылар көлігінің бөлшектері. Украина, 10 ақпан 2016 жыл.

Донецк маңында минаға түсіп қалған шағын жолаушылар көлігінің бөлшектері. Украина, 10 ақпан 2016 жыл.

Украинаның шығысындағы Донецк қаласы маңында шағын жолаушылар автобусы минаға түсіп жарылып, үш адам қаза тапты. Жарылыс автобус Донецкіден оңтүстік-батысқа қарай 25 километр қашықтықта ресейшіл сепаратистер бақылауындағы территориядан шығып келе жатқанда болған.

Украина әскерилерінің ресми өкілі Андрей Забудинни екі бейбіт тұрғын оқиға орнында, біреуі ауруханаға әкетіп бара жатқанда қаза тапқанын айтады.

Алдын ала ақпаратқа қарағанда, автобус жүргізушісі украин бақылау-өткізу бекетіндегі кезекті айналып өту үшін миналанған аймақпен ескерту белгісін елеместен жүрген.

Украина шығысындағы ресейшіл сепаратистер мен Украина армиясы арасында 2014 жылы сәуірде басталған қақтығыстан 9 мыңнан астам адам қаза тапты.

Екі жақ арасында жасалған бітім ара-тұра болып тұратын шағын жанжалдарды есептемегенде негізінен сақталып отыр деуге болады.

XS
SM
MD
LG