Accessibility links

Қазақстан президенті әкімшілігінің akorda.kz вебсайтында Ерлан Сағадиевтің жаңа білім және ғылым министрі болып тағайындалғаны туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған жарлық жарияланды.

Бұрынғы министр Аслан Сәрінжіпов басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылған.

50 жастағы Ерлан Сағадиев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика факультетінде, АҚШ-тағы Миннесота университетінің қолданбалы экономика департаментінде білім алған. Халықаралық ұйымдарда сарапшы болып, Қазақстанда "ФудМастер" компаниясының бас директоры, Алматыдағы Халықаралық ақпарат технологиялары университетінің президенті, Инвестициялар және даму вице-министрі ретінде қызмет атқарған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG