Accessibility links

Ресей Сирияда 1 наурызда бітім орнатуды ұсынды


Алеппо қаласының маңы, Сирия.
Алеппо қаласының маңы, Сирия.

АҚШ билігінің мәліметінше, Ресей 1 наурыздан бастап Сирияда бітіморнатуды ұсынған. Вашингтон соғыс қимылдары дереу тоқтатылғанын талап етеді.

АҚШ билігіндегі аты-жөнін атамаған дереккөзінің Associated Press агенттігіне хабарлауынша, Ақ үй Ресей мен Сирия билігі алдағы үш аптада жаппай шабуылға шығып, көтерілісшілерден маңызды территорияларды басып алуды мақсат тұтып отыр. АҚШ ұрысты дереу тоқтатып, гуманитарлық қызметкерлердің қоршауда қалған аудандарға кіруіне мүмкіндік беруді талап етеді.

Дамаск басып алғысы келетін Сирияның оңтүстігі мен шығысындағы территориялар Түркия, АҚШ және Батыс елдері қолдайтын оппозициялық күштердің бақылауында тұр. Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркиннің сөзінше, Мәскеу мен Вашингтон Мюнхенде Сирияда бітім орнатуға қатысты "өте маңызды" келіссөз өткізіп жатыр.

Осы аптада АҚШ, Ресей және басқа бірнеше ел өкілдері Мюнхенде қауіпсіздік мәселесіне арналған жыл сайынғы кездесуге жиналды. Жиынның күн тәртібінде Сириядағы қақтығыс та бар.

XS
SM
MD
LG