Accessibility links

НАТО министрлері Шығыс Еуропада әскерді күшейтуді қолдады


НАТО-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері. Брюссель, 10 ақпан 2016 жыл.
НАТО-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері. Брюссель, 10 ақпан 2016 жыл.

НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері Шығыс альянстың Еуропадағы әлеуетін күшейту жоспарын мақұлдады. НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергтің айтуынша, Польша мен Ресеймен шекаралас альянсқа мүше басқа да елдердегі жаңа әскери құрылымдар "айқын белгі" қызметін атқарады, ал әскердің бірнеше елден жасақталуы "альянс мүшесіне шабАНТО-ға шабуыл" болып саналатынын білдіреді.

Әскери бөлімдерді ротациялық негізде ұстау жоспарланған. Әскерилер Шығыс Еуропа елдерінде үнемі болмайды, ауысып отырады. НАТО бұдан өзге қосымша шаралар, оның ішінде қару-жарақты көбейтіп, жаңа инфрақұрылым құруды жоспарлап отыр.

Әзірге бұл жоспар бойынша нақты қандай шешім қабылданғаны белгісіз.

Шығыс Еуропада қосымша қарулы күштерді құру - НАТО-ның Украинадағы дағдарыс пен Ресей Қырымды аннексиялап алғаннан кейінгі жауап шараларының бірі.

XS
SM
MD
LG