Accessibility links

ХВҚ Украинаға реформаға қатысты ескерту жасады


Халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагард.

Халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагард.

Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басшысы Кристин Лагард Украина билігі уәде еткен реформаларды орындап, коррупцияны жоймаса қаржылық көмектен айырылатынын ескертті.

Лагардтың мәлімдемесінде "Үкімет реформаларды жеделдетіп, коррупциямен күреске күш салмайынша ХВҚ-ның Украинаға көмек бағдарламасын одан ары жалғастыруы қиын" делінген. Лагард бұған қоса Украина "бұған дейінгі күйреген экономикалық саясатына қайта оралуы мүмкін" екенін де айтады.

ХВҚ - Украина қаржы алып отырған негізгі қаржы көзі. Қор Киев экономикалық реформалар жасап, коррупцияны жойса 17,5 миллиард доллар қаржы беру бағдарламасын іске қоспақ. Екі күн бұрын Украина қаржы министрі Наталья Яресько ХВҚ экономика министрінің кенеттен отставкаға кетуінен соң үкімет іс басында қалатыны, я қалмайтыны белгілі болмайынша көмек беруді тоқтатқанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG