Accessibility links

Қазақстанда допингке қарсы тәуелсіз комиссия құрылды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қазақстанда тәуелсіз допингке қарсы комиссия құрылды деп хабарлады Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Комиссия Қазақстандағы допингке қарсы жүйе жұмысына баға беріп, допингмен байланысты дауларды ескерту үшін және допинг дауына ұшырамаған спортшыларды қорғау үшін құрылған. Комиссия құрамына түрлі ведомство, үкіметтік емес ұйымдар мен спорт саласының өкілдері кіреді.

Ұлттық олимпидаа комитетінің мәлімдеуінше, комиссия Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікпен өзара жұмыс істемек.

Бұған дейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Хьюстонда өткен әлем чемпионатында қазақстандық Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешов пен Ермек Өміртайдың қанынан допинг табылғанын мәлімдеп, үшеуін де алдағы жарыстардан уақытша шеттеткен.

Бұған қоса өткен жылдың соңында тыйым салынған препарат қолданғаны үшін жас ауыр атлеттер Игорь Сон мен Татьяна Капустина 2015 жылғы әлем біріншілігі жүлделерінен айырылған.

XS
SM
MD
LG