Accessibility links

ЕО НАТО-дан босқындар қозғалысын бақылауды сұрады


Түркиядан Эгей теңізі арқылы Грекияға қайықпен кетіп бара жатқан мигранттар. Қараша 2015 жыл.

Түркиядан Эгей теңізі арқылы Грекияға қайықпен кетіп бара жатқан мигранттар. Қараша 2015 жыл.

Германия, Грекия мен Түркия НАТО-дан Еуропаға жету үшін Түркиядан Эгей теңізін кесіп өтіп Грекияға баратын мигранттардың жолын бақылауға жәрдемдесуі сұрады.

Брюссельде өткен кездесуде НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Еуропаның шекара қауіпсіздігі қызметтерімен бірге Эгей теңізіндегі мигранттардың қозғалысына бақылау жасау туралы ұсынысты үлкен назар аударып отырғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, мигранттар қозғалысын бақылау Түркия жағалауларында адам контрабандасымен айналысатындардың қалай жұмыс істейтінін анықтау үшін керек.

НАТО егер ұсынысты қабыл алса, онда Еуропадағы босқындар мәселесіне алғаш рет араласпақ.

Еуропа Одағы елдеріне баратын мигранттар мен босқындардың 80 пайызы Грекия мен Түркия арасындағы құрлықтағы шекара және теңіз арқылы өтеді.

ЕО ұсынған бақылау жасау жоспары бойынша, НАТО жинаған ақпараттар Түркия билігіне беріледі. Түркия ол ақпараттар бойынша контрабандашылар ізіне түседі және НАТО миссиясы ұстаған босқындарды кері қайтарып алады.

НАТО бұған дейін Түркияны Сирия аумағынан атылатын зымыраннан қорғау үшін Жерорта теңізіне әскери кемелерін орналастырған.

XS
SM
MD
LG