Accessibility links

Қытай-Иран жүк пойызы Түркіменстаннан өтті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қытай-Қазақстан-Түркіменстан-Иран арасында қатынайтын жүк пойызының сынақ ретінде жолға шыққан алғашқы контейнері Қытайдан Түркіменстанға жетіп, одан ары Иранға тартты.

Түрлі тауар тиеген жүк пойызы қаңтардың соңында Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясының Иу қаласынан жолға шыққан. Маршруттың жалпы ұзындығы 10 мың километрге жуықтайды. Пойыз жолда барлығы екі апта жүреді.

Пойыз тоғыз күнде 8 мыңға тарта километрді басып өтіп, Түркіменстанның Серхетяка станциясына жеткен. Жүк пойызы Иран астанасы Тегеранға дейін барады.

Қытай-Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржолы Қытай тауарын Парсы шығанағы елдеріне шығаруға арналған.

XS
SM
MD
LG