Accessibility links

Атырауда Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алды


Атырау тұрғындары оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алып, рухына дұға бағыштап отыр. Атырау, 11 ақпан 2016 жыл.

Атырау тұрғындары оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алып, рухына дұға бағыштап отыр. Атырау, 11 ақпан 2016 жыл.

Ақпанның 11- і күні Атырауда қаланың бір топ тұрғыны жиналып, оппозиция жетекшісі, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының қастандықпен өлтірілгеніне он жыл толғанын еске алды. Еске алу дастарханын ұйымдастырған Серік Өтепқалиевтың айтуынша, бұл тек қарапайым халықтың "өз ұлына көрсеткен құрметі".

- Алтынбектің кісі қолынан қаза болғанына он жыл өтсе де өлімінің себебі ашылмай отыр. Оның өлімін әркімнен бір көргенімен, ұйымдастырылған қастандық деп санаймыз. Бүгін оның рухына арнап құран бағыштадық, мал сойып, дастархан жайдық, - дейді Серік Өтепқалиев.

2006 жылы 13 ақпанда Алматы маңынан саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның көмекшілері Василий Журавлев және Бауыржан Байбосынның жансыз денесі табылған еді. Кейін олардың 11 ақпанда кісі қолынан өлгені айтылды. Сәрсенбайұлын өлтіруге сенат аппаратының сол кездегі жетекшісі Ержан Өтембаев «тапсырыс беруші» деп танылып, 20 жылға сотталған болатын. Өтембаевпен бірге бұрынғы полиция қызметкері Рустам Ибрагимов те «кісі өлтірді» деген айыппен өмір бойы түрмеге қамалу жазасына кесілген.

2014 жылы желтоқсанда Сәрсенбаев қазасын қайта қараған соттан соң Рүстем Ибрагимовтың мәліметтері негізінде өлтіруге тапсырыс беруші ретінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеубаласы Рахат Әлиев пен ҰҚК бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев танылған. Ал Ержан Өтембаев жазасы 13 жылға өзгертіліп, "кісі өлтіруге кінәлі" деген айыбы «өлтіруге жәрдемдесуші» деп өзгерген.

XS
SM
MD
LG