Accessibility links

Михаил Касьяновқа жұмыртқа лақтырды


Ресейлік оппозициялық саясаткер Михаил Касьяновқа жұмыртқа лақтыру сәті. Ресей, Владимир, 11 ақпан 2016 жыл.

Ресейлік оппозициялық саясаткер Михаил Касьяновқа жұмыртқа лақтыру сәті. Ресей, Владимир, 11 ақпан 2016 жыл.

Ресейлік оппозициялық саясаткер Михаил Касьяновқа жұмыртқа лақтырды. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, "жұмыртқа шабуылы" 11 ақпан күні Мәскеуден 200 километр жердегі Владимир қаласында Касьянов көліктен шығып келе жатқанда жасалған. Агенттік мәліметінше, шабуылдағандар өздерін "Халықтық азат ету қозғалысы" мүшелеріміз деп атаған.

Соңғы бірнеше күнде Касьяновқа осымен екінші рет шабуыл жасалып отыр. 9 ақпанда Касьянов Мәскеудегі мейрамханалардың бірінде кешке тамақтанып отырғанда бет әлпеттері "кавказдықтарға" ұқсайтын бірнеше ер адам кіріп келіп, оған доқ көрсетіп, сосын бетіне торт лақтырып кеткен.

XS
SM
MD
LG