Accessibility links

Ресей патриархы Рим папасымен кездеседі


Рим Папасы Франциск (сол жақта) пен Орыс православие шіркеуінің патриархы Кирилл.

Рим Папасы Франциск (сол жақта) пен Орыс православие шіркеуінің патриархы Кирилл.

Орыс православие шіркеуінің патриархы Кирилл Рим папасы, католик шіркеуінің басшысы Францискпен кездесу үшін Гаванаға барды. Әуежайда патриарх пен онымен бірге келген жүз шақты адамнан тұратын делегацияны Куба президенті Рауль Кастро күтіп алды.

12 ақпан күні Гавана әуежайында патриарх Кирилли Рим папасымен кездеседі. 1054 жылы православие және католик шіркеуіне бөлініп кеткеннен кейін екі шіркеу басшылары бірінші рет кездеспек.

Кездесуде діни құлшылық жасалмайды. Кубаға ұшарының алдында патриарх сапары "рухани және физикалық күш-қуатты талап ететінін" мәлімдеген. Шіркеулер арасындағы қарым-қатынастың нашарлауына православие шіркеуінің Рим папасын барлық католиктердің басшысы деп танудан бас тартуы болып келеді. Соңғы уақытта олардың арасындағы байланысқа Украинадағы дағдарыс та салқынын тигізді. Себебі Кирилл - Ресей президенті Владимир Путиннің саясатын ашық қолдайды. Гаванадағы кездесуден соң патриарх Кирилл Бразилия мен Парагвайға барады.

XS
SM
MD
LG