Accessibility links

Ғалымдар: Эйнштейн болжаған ғылыми жаңалық ашылды


Гравитациялық толқындар (Көрнекі сурет).
Гравитациялық толқындар (Көрнекі сурет).

Америкалық ғалымдар ғасыр бұрын Альберт Эйнштейн болжап кеткен ғарыштағы екі қара тесіктің соқтығысуынан пайда болады деген гравитациялық толқындарды ашқанын жариялады.

Ғылыми ортада дүрбелең тудырған жаңалық ғарышқа жаңаша көзқараста қарауға және гравитацияны жақсырақ түсінуге жол ашуы мүмкін. Жаңалықты ашқан ғалымдардың бірі, Колумбия университетінің астрофизигі Сабольч Марктың мәлімдеуінше, "ғалымдар осы кезге дейін аспанға қарағанымен, музыканы ести алмаған".

Оның сөзінше, гравитациялық толқынды ғарыштағы музыкалық саундтрек деуге болады. "Енді ғарыш кеңістігі ешқашан бұрынғыдай болмайды" деді Сабольч Марк.

Ғалымдар Жерден 1,3 миллиард жарық жылындай қашықтықта орналасқан ғарыштағы екі қара тесіктің соқтығысуынан туған гравитациялық толқындарды ашу үшін АҚШ-тағы екі обсерваторияда ғана бар, құны 1,1 миллиард доллар тұратын сезімталдығы жоғары аппаратты пайдаланған.

1916 жылы Альберт Эйнштейн жалпы салыстырмалылық теориясы аясында болжаған гравитациялық толқындар уақыттың жоғары, төмен, оң, сол сияқты кеңістік мекендерімен үйлесуін білдіретін уақыт-кеңістік өлшемін бұрмалайды.

XS
SM
MD
LG