Accessibility links

Өзбекстанда топ адам ИМ-ге қатысы бар деп айыпталды


Ферғана облысының Сох ауданы, Өзбекстан (Көрнекі сурет).

Ферғана облысының Сох ауданы, Өзбекстан (Көрнекі сурет).

Өзбекстанның Ферғана облысының 12 тұрғынына "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен байланысы бар деген айып тағылды.

Сох ауданына қарасты Тул, Калач және Газнов ауылдарының Ресейде жұмыс істеп келген 12 тұрғыны өткен аптада тұтқындалған. Облыстық полиция әзірге тұтқындауға қатысты түсінік бермей отыр.

Азаттықтың Өзбек редакциясының жергілікті құқық қорғаушыға сілтеме жасап хабарлауынша, ұсталғандар жауап алу кезінде кінәсін мойындаған. Тергеу мәліметтері бойынша, айыпталғандар Ресей территориясында радикалдық топтардың ықпалына түсіп қалған.

Өзбекстанда Ресейден оралған еңбек мигранттарын тергеуге алып, қамау жиілеген. Жергілікті құқық қорғаушылардың мәліметінше, өткен жылдың қазан айынан қараша айына дейін ИМ-ге қатысы бар деген күдікпен Ташкент облысында Ресейден оралған 200-ден астам еңбек мигранты ұсталған. Желтоқсанда Ферғана облысында 18-30 жас аралығындағы бір топ ер адам экстремизм айыбымен сотталған.

XS
SM
MD
LG