Accessibility links

Қызылорда облысында үш бала ыс тиіп көз жұмды


Қызылорда облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қызылорда облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында үйдегі өрт кезінде үш бала ыс тиіп қайтыс болды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) мәліметінше, оқиға Қармақшының орталығы Жосалы кентінде 11 ақпан күні түстен кейінгі уақытта болған. Ыс тиген 2011, 2013 және 2015 жылы туған үш бала жедел жәрдем көлігімен ауруханаға алып бара жатқан жолда көз жұмған.

Өрт болған үйде ыс тиген 1975 жылы туған ер адам ауруханаға түскен. Өрт аумағы үш шаршы метрді құраған. ТЖД өрт шыққанын сол үйдің көршісі байқап қалып, балаларды сыртқа алып шығарғанын және өрт сөндірушілерді шақырғанын айтады.

XS
SM
MD
LG