Accessibility links

БАҚ: "Газпром" Украинаға газ экспорттай бергісі келеді


"Газпром" компаниясының құбырын Украина туының түсіндей етіп бояп жатқаны туралы карикатура (Көрнекі сурет).

"Газпром" компаниясының құбырын Украина туының түсіндей етіп бояп жатқаны туралы карикатура (Көрнекі сурет).

Ресейдің мемлекеттік "Газпром" компаниясы Украинаға экспорттайтын газ көлемін үш жыл бойы бір деңгейде сақтауды жоспарлап отыр деп хабарлады компанияның көпшілікке жария емес бюджет мәліметтеріне сілтеме жасаған Bloomberg агенттігі.

Bloomberg-тің мәліметінше, "Газпром" Украинаға осы елдің өткен жылғы газға деген сұранысының 40 пайыздан астам көлемін жеткізгісі келеді. Агенттік танысқан құжатта газ бағасы Еуропаға сатылатын газдың орташа бағасынан 15 пайызға төмендетілуі мүмкін екені айтылады.

"Газпром" мен Украинаның "Нафтогаз" компаниясы бұл мәліметке қатысты түсінік беруден бас тартты.

Ресей Украинаға газ тасымалдауды 2015 жылдың 25 қарашасында ресми түрде тоқтатқан. Ол кезде "Газпром" экспорт Украина жағы тұтынған газына қаржы аударған соң ғана қайта жалғасатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG