Accessibility links

Назарбаев Олжас Сүлейменовпен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен ақын, жазушы Олжас Сүлейменов. Алматы, 12 ақпан 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен ақын, жазушы Олжас Сүлейменов. Алматы, 12 ақпан 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыда ақын Олжас Сүлейменовпен кездесті. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Семей ядролық полигонының жабылғанына 25 жыл толуына арналған іс-шаралар жайы талқыланған.

Назарбаев кездесуде "геосаяси жағдай күрделі кезде халықаралық деңгейде бейбітшілік пен қауіпсіздік принциптерін" алға шығарудың маңызды екенін айтқан. Олжас Сүлейменов ғаламдық антиядролық қозғалыста қоғамдық ұйымдар мен азаматтық қоғамның күш біріктіруі қажетіне назар аударған.

Қазақстан президенті Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа 1991 жылы 29 тамызда қол қойған. Әлемдегі ең ірі саналатын Семей полигоны 1949-1989 жылдары жұмыс істеген. 1989 жылы құрылған "Невада-Семей" қозғалысы Семей ядролық полигонын жабуға жұмыс істеген. Олжас Сүлейменов кезінде бұл ұйым басшыларының қатарында болған.

Полигонда 40 жылға созылған сынақ барысында 400-ден астам ядролық жарылыс (олардың 116-сы жер бетінде) жасалды.

XS
SM
MD
LG