Accessibility links

Қырғызстанға мигранттар аударатын ақша көлемі азайды


Ресейдегі қырғыз еңбек мигранты. 23 сәуір 2009 жыл.

Ресейдегі қырғыз еңбек мигранты. 23 сәуір 2009 жыл.

2015 жылы Қырғызстанға шетте жүрген мигранттардан жиыны бір миллиард 546 миллион 600 мың доллар, яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда 26,2 пайызға аз ақша аударылған. Бұл туралы Қырғызстан экономика министрі Арзыбек Қожошев мәлімдеген.

Министр мигранттар жіберетін қаржы көлемінің азаюын Ресейдегі экономикалық қиындықтар мен рубльдің құнсыздануымен байланыстырады.

Қаржы сарапшылары шеттегі мигранттардан Қырғызстанға келетін жалпы қаржы көлемінің 92 пайызы Ресейден аударылатынын, қалған бөлігі – Қазақстан, АҚШ және өзге алыс шетелдерден түсетінін айтады деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

2015 жылы желтоқсанның ортасында шыққан БҰҰ есебінде Қырғызстан шеттен келетін қаржы көлемі бойынша әлемде Тәжікстаннан кейін екінші орында тұрған ел ретінде аталған. Қырғыз мигранттары аударатын қаржы көлемі осы елдің жалпы ішкі өнімінің 32 пайызына тең.

XS
SM
MD
LG