Accessibility links

Медведев Сирияда құрлықта операция жүргізуге қарсы


Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Мюнхенде қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференцияда сөйлеп тұр. 13 ақпан 2016 жыл.
Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Мюнхенде қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференцияда сөйлеп тұр. 13 ақпан 2016 жыл.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Сирияда құрлықтағы операциялар жүргізуге қарсы екенін мәлімдеді. Ондай операция ұзаққа созылатын соғысқа ұласады, ал жаңа соғыс ешкімге қажет емес деген Медведев «Еуроньюс» жаңалықтар телеарнасына.

Мәскеу Сирия президенті Башар Асадты қолдауын жалғастыра ма деген сауалға «Ресей бұл саясаткердің жеке басын қолдап отырған жоқ, ол билікке келмей тұрған кезден бері Сирия мемлекетімен арада қалыптасқан достық қарым-қатынасқа қолдау танытып отыр» деп жауап берген Медведев.

Ресей премьерімен сұхбаттың толық нұсқасы «Еуроньюс» телеарнасынан бүгін кешке көрсетілмек.

Медведев соңғы күндері Ресейдің сыртқы саясатына, экономикасына қатысты бірнеше мәлімдеме жасады. Ол Мюнхенде өткен қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференция жұмысына қатысты. Осы жиында НАТО мен Ресей арасындағы қазіргі кездегі қарым-қатынасқа қатысты сөзінде Медведев «жаңа қырғи-қабақ соғысы» туралы айтқан.

XS
SM
MD
LG