Accessibility links

Мәскеуде қонақ үй құрылысына қарсы акция өтіп жатыр


Мәскеуде құрылыс басында тұрған жұмысшы. (Көрнекі сурет.)

Мәскеуде құрылыс басында тұрған жұмысшы. (Көрнекі сурет.)

Ресей астанасындағы Теплый стан ауданында тұрғын үйлерге жапсарлас салынып жатқан 18 қабатты қонақ үй құрылысына қарсы жиын өтіп жатыр. Оны ұйымдастырушылар Facebook парақшасында акцияны өткізуге қала билігінен рұқсат алғанын, шараға 300 адам қатысады деп көрсеткендерін хабарлаған.

Қонақ үй құрылысын тоқтатуды талап етуші белсенділер ол жердегі жұмыстар заңға қайшы деп санайды. Мысалы, құрылысты бастар алдында қоғамдық тыңдау өткізілмеген, қазір құрылыс жұмыстары шағын скверде – тұрғын үйлер мен электр желісінен небары бірнеше метр жерде жүргізіліп жатыр.

Ақпан айының басында Теплый стан ауданынан сайланған муниципалитет мүшесі Михаил Громов соққыға жығылған. Ол 18 қабатты қонақ үй құрылысына қарсы шығып жүрген. Азаттықтың Орыс қызметіне сұхбатында оппозиционер Константин Янкаускас депутатты соққыға жығуға полиция өкілдерінің қатысы бар деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG