Accessibility links

Ресей Псков облысында әскери жаттығу өткізбек


Ресей қарулы күштері сарбазы. (Көрнекі сурет.)
Ресей қарулы күштері сарбазы. (Көрнекі сурет.)

Ресей Эстония және Латвиямен шектесетін Псков облысында әуе-десант күштерінің кең көлемді жаттығуларын өткізбекші. Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ақпанның 15-і мен 20-сы аралығында өтетін жаттығуларға екі жарым мыңға жуық сарбаз және 300-ден астам әскери техника қатысады деп жоспарланған.

Өткен аптада Ресей президенті Владимир Путиннің бұйрығы бойынша, Оңтүстік әскери округінде жауынгерлерді тосын дабылмен көтеріп, әскери дайындығын тексерген. Жаттығуларға әуе-десант күштері жекелеген бөлімшелері, әскери-көлік авиациясы, сонымен бірге Қара теңіз флоты мен Каспий флоты күштері қатысқан. Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, әскери дайындықты тексеру барысында «әуе шабуылын тойтару, маңызды әскери және мемлекеттік нысандарды қорғау» жаттығулары жүргізілген.

2015 жылы Ресей қорғаныс министрлігі әскери жаттығулар мен тосын тексерулерді көп өткізді. Қыркүйектің ортасында өткен «Орталық-2015» атты ең үлкен көлемдегі жаттығуларға 95 мыңға жуық әскери қызметкерлер, 7 мыңнан астам әскери техника мен қару бірліктері, 170-тей ұшақ және 20 кеме қатысты. Ресейде әскери жаттығулардың жиілеуі Батыс елдерін алаңдатып отыр.

XS
SM
MD
LG