Accessibility links

ЕО Беларусьтен санкцияны алуға дайындалып жатыр


Беларусь президенті Александр Лукашенко.
Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Брюссельде бүгін кездесетін Еуропа Одағы елдерінің сыртқы істер министрлері Беларуське салынған санкциялардың көпшілігін алып тастауды мақұлдауы мүмкін. Беларуське салынған санкциялардан тек қару-жарақ сатуға салынған эмбарго күшінде қалуы ықтимал.

Қазан айында ЕО Беларуське салған санкцияларын төрт айға уақытша тоқтатқан еді. Санкциялардың кейбірі 2004 жылы Беларусь билігін сынаушылардың жоғалып кетуіне, саяси себеппен қуғындалуына және басқа да адам құқығының бұзылуына жауап ретінде салынған.

Батыс елдері өткен жылы тамызда Беларусьте саяси бәсекелестердің түрмеден боастылуын қолдап, президент Александр Лукашенко билігінің Украина шығысындағы қақтығысты реттеу келіссөзіндегі рөлін жоғары бағалаған.

Дегенмен кейбір сарапшылар Минскіге қатысты санкцияларды жұмсартуға әлі ерте және Батыс елдері Беларусьтегі адам құқығы, сөз бостандығы мен демократияны қорғауы үшін бұл ел билігіне қысымын жалғастыра беруі қажет дейді.

XS
SM
MD
LG