Accessibility links

Мәскеуде оппозиция Немцовты еске алуға әзірленіп жатыр


Мәскеудегі Борис Немцов қаза тапқан орын.
Мәскеудегі Борис Немцов қаза тапқан орын.

Ресейлік оппозиционерлер мен азаматтық белсенділер осы апта басында Мәскеу мэриясымен 27 ақпанда оппозицияшыл саясаткер Борис Немцовтің қазасына жыл толуына байланысты еске алу маршын өткізу туралы келіссөз жүргізбек ниетте.

Оппозициялық ПАРНАС партиясы төрағасының орынбасары Илья Яшин "Интерфакс" агенттігіне берген сұхбатында еске алу акциясын өткізу туралы Мәскеу басшылығымен келісу жоспары бар екенінайтқан. Оның сөзінше, оппозицияшыл саясаткерді еске алғысы келген азаматтарды "автозактарға мәжбүрлеп тиеп әкетуді" болдырмау керек.

Мәскеу аймақтық қауіпсіздік департаментінің басшысы Алексей Майоров өткен аптада еске алу маршын өткізу туралы өтініш үш жұмыс күні ішінде қаралатынын мәлімдеген.

ПАРНАС жетекшілерінің бірі Константин Мерзликиннің айтуынша, олар еске алуды митинг емес, демонстрация түрінде өткізбек ниетте.

Ресейдің бұрынғы вице-премьері, бұрынғы мемлекеттік дума депутаты Борис Немцов 2015 жылы 27 қаңтарда Мәскеудің орталығында - Кремль маңында қастандықтан қаза тапқан. Қастандық жасалған күннің ертеңінде Ресей президенті Владимир Путин Немцовтың қазасын тергеуді жеке өзі бақылауға алғанын мәлімдеген. Немцовтың туыстары мен серіктерінің тергеу барысына көңілдері болмайды.

XS
SM
MD
LG