Accessibility links

Австралияда ірі мөлшердегі есірткі тәркіленді


Австралия полициясы (Көрнекі сурет).

Австралия полициясы (Көрнекі сурет).

Австралияда ел тарихындағы ең ірі көлемдегі есірткі қолға түсті. Австралия билігі бүгін құны 900 миллион долларға бағаланатын сұйық метамфетамин партиясы тәркіленгенін мәлімдеді.

Есірткі полицияның желтоқсанда бастаған құпия операциясы барысында Гонконгтан Сиднейге жеткізілген жүк контейнерінен табылған. Есірткі сұйықтық әйелдердің төс тартқыштары мен көркемөнер тауарлары арасына жасырылған. Қытай полициясымен бірлесе жүргізілген операцияда Гонконгтен шыққан төрт адам мен Қытайдың бір азаматы тұтқындалған.

Австралия әділет министрі Майкл Кинан журналистерге тәркіленген есірткі сұйықтық қолданыста "мұз" деп аталатын кристалл метамфетаминнің 3,6 миллион дозасын даярлауға жететінін айтты.

Метамфетамин адамды өзіне қатты тәуелді етеді. Австралияда бұл есірткіге тәуелділер саны 2007 жылдан бері 200 мыңға жуық адамға жеткен.

XS
SM
MD
LG