Accessibility links

Тәжікстанда "Талибанмен" байланысқан адам сотталды


Тәжікстан соты "Талибанға" қатысы бар деп соттаған Шахриер Турахонов.

Тәжікстан соты "Талибанға" қатысы бар деп соттаған Шахриер Турахонов.

Тәжікстанда Хатлон облысының тұрғыны "Талибан" қозғалысына қатысы бар деген айыппен 25 жылға сотталды. Бұл туралы бүгін Азаттықтың Тәжік редакциясына Хатлон облыстық соты төрағасы орынбасары Сайфиддин Мухиддинзода хабарлады.

Пяндж ауданы Пахтакор ауылының 21 жастағы тұрғыны Шахриер Турахоновқа сот үкімі өткен аптада шыққан. Сот материалдары бойынша, Турахонов "Талибан" содырлар ұйымы тапсырмасымен Душанбедегі опера және балет театрын "жаруды жоспарлаған".

Турахонов қарашада тұтқындалған. Сот материалдары бойынша, Турахонов "Талибан" өкілдерімен ресейлік "Одноклассники" әлеуметтік желісі арқылы байланысқан. Шілдеде Турахонов Ауғанстанға барып, ол жақта содырларға қосылып, дайындықтан өткен.

Турахонов тергеу кезінде өзімен бірге тәжікстандық тағы екі азамат дайындықтан өткенін мойындаған. Тәжікстан қауіпсіздік күштерінің мәліметінше, бұл екі адам да Душанбеде жарылыс жасауды жоспарлған.

XS
SM
MD
LG