Accessibility links

Еуропада Савченконы қолдайтын акция басталды


Украиналық ұшқыш Надежда Савченко.

Украиналық ұшқыш Надежда Савченко.

Еуропаның бірнеше мемлекетінде бүгін "Надежда Савченкоға бостандық берілсін - аштық жариялаймыз!" акциясы басталды. Еуропа кеңесі депутаттарының бастамасын әлеуметтік желі қолданушылары мен азаматтық белсенділер іліп әкетті.

Акцияға кез келген адам Еуропаның кез келген жерінде бір, екі күнге немесе бірнеше сағатқа қосыла алады. Чехиялық депутат Кристина Зеленкованың Азаттықтың Украина редакциясына берген сұхбатында айтуынша, акция мақсаты - Савченкоға жалғыз емес екенін және ол туралы жұрттың ойлайтынын жеткізу. Бұған қоса, басқа да саяси тұтқындардың тағдырына назар аудартуды көздейтін акция ақпанның соңына дейін жалғасады.

Чехияда Савченконы қолдаған акцияға ендігі бірнеше адам қатысып жатыр. Олардың саны күн сайын артып келеді.

Украиналық ұшқыш Надежда Савченко Ресейде ВГТРК телеарнасының екі қызметкерінің өліміне қатысы бар және Ресей шекарасын заңсыз кесіп өтті деп айыпталып отыр. Савченко өзіне тағылған айыпты мойындамайды және өзін ресейшіл сепаратистер ұстап әкетіп, Ресейге тапсырды дейді.

Желтоқсанның ортасында сот Савченконы қамау мерзімін 16 сәуірге дейін ұзартқан. Бұдан соң ол қарсылық ретінде аштық жариялаған. Савченко 2014 жылы өзін қамағаннан бері осымен үшінші рет аштық жариялап отыр.

XS
SM
MD
LG