Accessibility links

Ирак: Күрдістанда былтыр химиялық қару қолданылған


Ирактың Күрдістан автономиялық аймағының күрдтерден құралған пешмерга жасақтары.
Ирактың Күрдістан автономиялық аймағының күрдтерден құралған пешмерга жасақтары.

Reuters пен Associated Press агенттіктері Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым ақпаратына сілтеме жасай отырып, "Ирактың жартылай автономиялық Күрдістан аймағында былтыр қыша газы қолданылған" деп хабарлады. Дүниежүзі бойынша 1925 жылы қолдануға тыйым салынған улы газ Күрдістан орталығы Арбил қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан Гвейр және Макмур қалаларында қолданылған деген ақпарат бар.

Таяуда АҚШ билігі "Ислам мемлекеті" (ИМ - Қазақстанда тыйым салынған) экстремистік ұйымының Ирак пен Сирияда қолданылған хлорин газы мен қыша газын аз мөлшерде жасай алатын мүмкіндігі бар" деп мәлімдеген.

Өткен жылдың қазан айында Күрдістан билігі тамыз айында ИМ-мен соғысқа қатысқан күрдтердің "Пешмерга" жасақтарының кейбіріне жасалған медициналық сараптамалар олардың организмдерінде қыша газы бар екенін көрсеткен. Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым Иракқа улы газ қолданылғанын тексеруге көмектесу үшін сарапшыларын жібергенін растады.

XS
SM
MD
LG