Accessibility links

Башар Асад: Бітімді орындау қиын


Сирия президенті Башар Асад. Дамаск, 11 ақпан 2016 жыл.

Сирия президенті Башар Асад. Дамаск, 11 ақпан 2016 жыл.

Сирия президенті Башар Асадтың сөзінше, Сирияда халықаралық қауымдастық қолдаған бітімді орындау қиын болмақ. Өткен аптада Мюнхенде өткен қауіпсіздік конференциясында әлемдік державалар Сирияда осы аптаның басында қақтығысты тоқтату туралы келісім жасасқан. Дамаскіде телеарнаға берген сұхбатында Асад қақтығысты тоқтату жоспарының іске асатынына күмән келтірді.

"Олар бір апта ішінде бітімге келгісі келеді. Бір апта барлық талап пен шартты кім орындай алады? Ешкім орындай алмайды" деді Башар Асад. Оның сөзінше, кез-келген бітім соғысушы тараптар бірдей қаруын тастағанда ғана орындалады. Асад сонымен қатар елде саяси өзгеріс қазіргі конституция бойынша жасалуы тиіс екенін де білдірді.

XS
SM
MD
LG