Accessibility links

Украинада тұмаудан дүние салғандар 286-ға жетті


Киевте циркке вирустан қорғанатын маска киіп келген көрермендер. Қаңтар 2016 жыл (Көрнекі сурет).
Киевте циркке вирустан қорғанатын маска киіп келген көрермендер. Қаңтар 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Украинада өткен жылдың қыркүйегінен бері тұмаудан қайтыс болғандар саны 286 адамға жетті. Украина денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, олардың арасында аяғы ауыр екі әйел мен төрт жасөспірім бар. Тұмаумен ауырғандардың көпшілігі Одесса мен Киев облыстарының тұрғындары.

Денсаулық сақтау министрлігі "науқастар бұған дейін кейбір ақпарат құралдары хабарлағандай H1N1 вирусынан қайтыс болды ма?" деген сұраққа жауап бермеген.

26 қаңтарда денсаулық сақтау министрі Александр Квиташвили Украинада тұмау індеті тарады деп ресми түрде жариялаған.

XS
SM
MD
LG