Accessibility links

ЕО-ны Қытайдың сауда мәртебесін көтермеуге шақырды


Болат құю өндірісінің жұмысшылары демонстрация өткізіп тұр. Брюссель, 15 ақпан 2016 жыл.

Болат құю өндірісінің жұмысшылары демонстрация өткізіп тұр. Брюссель, 15 ақпан 2016 жыл.

Брюссельде мыңдаған адам көшеге шығып, Еуропа Одағы билігін Қытайдан келетін арзан тауарды шектеуге шақырды. Бельгия полициясының мәліметінше, демонстрацияға болат өндірісі саласында жұмыс істейтін бес мыңға тарта адам қатысты. Жұмысшылар Қытайға нарықтық экономика мәртебесін бермеуді талап етеді. Олардың пікірінше, мұндай мәртебе Еуропа Одағының Қытаймен саудаға шектеу қоюын қиындатады.

Әлемдік болат өндірісінің 11 пайызын өндіретін Еуропада бұл салада бір миллионға жуық адам жұмыс істейді. Болат өндірісі өкілдері Қытайдың мәртебесін көтеру миллиондаған жұмыс орнынан айырып, жүздеген миллиард доллар қаржылай шығынға ұшыратады дейді.

Еуропа комиссиясы Қытайға нарықтық экономика мәртебесін беру мәселесін биылғы жылдың соңына дейін шешуі мүмкін. Қазір Еуропа Одағы сауданы қорғау мақсатындағы 37 шектеу шарасын енгізген, олардың 16-сы Қытайға арналған.

XS
SM
MD
LG