Accessibility links

БҰҰ: Сирияда әуе шабуылынан бейбіт тұрғындар мерт болды


"Шекарасыз дәрігерлер" ұйымы жанынан жұмыс істеген ауруханаға жасалған шабуыл. Маарет әл-Нуман, Сирия, 15 ақпан 2016 жыл.
"Шекарасыз дәрігерлер" ұйымы жанынан жұмыс істеген ауруханаға жасалған шабуыл. Маарет әл-Нуман, Сирия, 15 ақпан 2016 жыл.

БҰҰ мәліметінше, Сирияның солтүстігіндегі бес мектеп пен екі ауруханаға жасалған әуе шабуылдарынан кем дегенде 50 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Халықаралық "Шекарасыз дәрігерлер" (Medecins Sans Frontieres) ұйымының мәлімдеуінше, ұйым жанынан жұмыс істейтін ауруханаға әуеден жасалған соққы нәтижесінде кем дегенде жеті адам мерт болған. Ал 14 ақпан күні Маарет әл-Нуман қаласындағы шабуылда із-түссіз жоғалды делінген сегіз адам қаза тапқан болуы мүмкін.

Ұлыбританияда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) ұйымы Ресей әуе шабуылдарында ауруханалар нысанаға алынғанын мәлімдеді. SOHR мәліметінше, Алеппо провинциясындағы Азаз қаласында балалар ауруханасына берілген әуе соққысынан бес адам қаза тапқан. Осы қалаға жақын елді мекендегі мектепке шабуылдан жеті адам мерт болып, бірнеше адам жараланған.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун бұл шабуылдарды "халықаралық құқықты өрескел түрде бұзу" деп айыптады.

XS
SM
MD
LG