Accessibility links

Ресейде украиналық 200-дей жүк көлігінің жүрісі шектелді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей территориясында украиналық 197 жүк көлігінің қозғалысына тоқтау салынды деп мәлімдеді Ресей транспорт министрлігі. Ведомство Киевтен Украина территориясы арқылы ресейлік транзиттік жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынғаны туралы ресми ескерту алмағанын айтады.

15 ақпанда Украина билігі ресейлік транзиттік жүк көліктерінің жүруіне тыйым салған. Украина үкіметі таратқан мәлімдемесінде Ресейді Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелері мен үкіметаралық келісіімді бұзып отыр деп айыптайды. Киев бұл жауап шарасы "Ресей жағынан жауап беріліп, мәселе шешілгенге дейін" күшінде қалатынын ескерткен.

Ресей транспорт министрлігі 14 ақпанда ел аумағында Украинада тіркелген жүк көліктерінің жүруіне тыйым салған. Министрлік мұны украиналық "Автомайдан" қозғалысы белсенділерінің 11 ақпаннан бастап Ресей жүк көліктерінің Украина территориясындағы жолын бөгегеніне "жауап шаралары" деп түсіндірген.

Мәскеу Киевтің Украина территориясында ресейлік жүк көліктерінің қозғалысын шектегенін "ерсі" әрекет деп атап, "жағдайды мұқият бақылап отырғанын" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG