Accessibility links

Әкімдік: Универсиада бюджеті "оңтайландырылды"


Алматыда универсиада үшін салынатын он екі мың орындық мұз айдын кешенінің макеті (Сурет Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды)
Алматыда универсиада үшін салынатын он екі мың орындық мұз айдын кешенінің макеті (Сурет Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды)

Алматыда 2017 жылы өтетін қысқы универсиаданың операциялық бюджеті екі есеге, 17 миллиард теңгеге дейін оңтайландырылды деп хабарлады бүгін Алматы қалалық әкімдігі. Универсиадаға дайындық дирекциясының басшысы Әсет Әбдуалиев бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа универсиадаға дайындық жұмыстарының барысын баяндаған.

Назарбаев қысқы универсиаданың ашылу мен жабылу салтанаты және бірнеше жарыс өтеді деп жоспарланған Мұз айдыны сарайының салыну барысымен танысты.

Дирекцияның ақпараты бойынша, Универсиада жарыстары сегіз спорт ғимаратында 12 спорт түрі бойынша өтеді. Жарысқа қатысушылар салынып жатқан атлеттер қалашығына орналастырылады.

Алматыдағы қысқы универсиада 28 қаңтарда ашылады деп жоспарланған. Дирекция мәліметінше, қазірге дейін жарысқа қатысуға 35 ел тіркелген.

XS
SM
MD
LG