Accessibility links

Сағынтаев Ақтау портын тексеруге тағы барды


Ақтау теңіз портында құжат күтіп тұрған транзиттік көліктер.
Ақтау теңіз портында құжат күтіп тұрған транзиттік көліктер.

Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Ақтау халықаралық теңіз портына тағы барып, портта жүк қабылдау жұмысын үйлестіру және жақсарту туралы тапсырмасының орындалуын тексерді деп хабарлады үкімет сайты.

Бұған дейін Азаттық Ресей бағыты жабылғалы Еуропа мен Түркиядан Ақтау теңіз порты арқылы жүк таси бастаған жүргізушілердің бюрократизм, парақорлық пен кедергілерге тап болғанын айтып шағымданғанын жазған еді.

5 ақпанда Ақтау портына барған Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдар мен теңіз порты жұмысын үйлестіруді, жүк көліктері арқылы келген тауарды "бір терезе" ережесі бойынша рәсімдеуді ұйымдастырып, порт айналасына жүк көліктері тоқтайтын тұрақтар ашуды және жүргізушілерге тұрмыстық жағдай жасауды тапсырған.

XS
SM
MD
LG