Accessibility links

Яценюк үкіметі сенімсіздік вотумынан аман қалды


Украина премьер-министрі Арсений Яценюк парламентте үкіметке сенімсіздік вотумына дауыс бергеннен кейін сөйлеп тұр. Киев, 16 ақпан 2016 жыл.
Украина премьер-министрі Арсений Яценюк парламентте үкіметке сенімсіздік вотумына дауыс бергеннен кейін сөйлеп тұр. Киев, 16 ақпан 2016 жыл.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк үкіметі парламенттегі сенімсіздік вотумынан аман қалды. 16 ақпанда Украина президенті Петр Порошенко Яценюк үкіметін "билікке деген сенімді қалпына келтіру" үшін отставкаға кетуге шақырған. "Порошенко блогы" фракциясының жетекшісі Юрий Луценко ұсынған үкіметке сенімсіздік вотумын парламенттің 194 депутаты қолдады. Вотум іске асу үшін оны 226 депутат қолдауы керек.

Қоғамдық сауалнама нәтижелері бойынша, елде ресейшіл президент Виктор Янукович билігі құлатылған соң билікке келген үкіметтің жұмысына көңіл толмаушылық артып барады. Бұған дейін президент аппараты ресми мәлімдеме таратып, Яценюк үкіметі басқарушы коалицияның, оның ішінде "Порошенко блогының" сенімінен айырылып бара жатқанын білдірген.

Президент үндеуде рецессияда тұрған және елдің шығысында ресейшіл сепаратистермен соғысып жатқан Украинада "қоғамның сенімін қалпына келтіру үшін" "терапия жеткіліксіз екенін, "химиялық операция" керек екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG