Accessibility links

Иракта ұрланған америкалықтар босатылды


АҚШ-тың Ирактағы елшілігі, Бағдад (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың Ирактағы елшілігі, Бағдад (Көрнекі сурет).

Иракта өткен айда ұрланған үш америкалық босатылды. АҚШ мемлекеттік департаменті олардың босатылғанын құптап, кепілдегілерді қайтаруға Ирак билігінің еңбегі сіңгенін мәлімдеді. "Біз Ирак үкіметі көрсеткен көмекке және кепілдегі азаматтарымызды босатуға күш жұмсағаны үшін алғыс білдіреміз" деді мемлекеттік департамент өкілі Марк Тонер.

Босатылғандардың үшеуінің де денсаулығы жақсы. Олар АҚШ-тың Бағдадтағы елшілігіне тапсырылды. Қаңтарда АҚШ елшілігі үш америкалықтың жоғалып кеткенін растаған еді. Ирак билігі олардың "күдікті пәтерден" ұрланғанын хабарлағанымен, басқа ақпарат бермеген. Америкалықтарды ұрлауға ықпалды шиит жасақтарының қатысы болуы мүмкін деген ақпарат шыққан.

XS
SM
MD
LG