Accessibility links

БҰҰ Түркияның Сирия күрдтеріне шабуылына алаңдайды


Түркияның шекарадағы Килиш қаласы маңынан түркиялық танк Сирия аумағын атқылап жатыр. 16 ақпан 2016 жыл.
Түркияның шекарадағы Килиш қаласы маңынан түркиялық танк Сирия аумағын атқылап жатыр. 16 ақпан 2016 жыл.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Түркияның Сириядағы күрдтердің шептерін атқылауына "алаңдайды". Бұл туралы Ресей ұсынысымен 16 ақпанда өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан соң осы ұйым дипоматтары мәлімдеді. Венесуэланың БҰҰ-дағы өкілі, Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық жасайтын Рафаэль Дарио Рамирез Каррено Нью-Йоркте журналистер алдында "кеңестің барлық мүшелері Түркия халықаралық құқықты сақтауы тиіс деген тоқтамға келгенін" айтты.

Түркия өткен аптаның соңында Сириядағы күрдтердің Халықтық өзін-өзі қорғау отрядтарының (YPG) шептерін атқылай бастаған. Анкара бұл құрылымды Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясымен байланысы бар деп есептейді. Анкара АҚШ-пен бірге "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қарсы күресетін YPG Сирия-Түркия шекарасына жақын соңғы шепті алуға шақ тұр деп қауіптенеді. Түркия YPG Түркиямен шекаралас Азаз қаласын басып алса "қатаң жауап" көрілетінін ескерткен.

Түрияның әрекеті Мәскеу мен Дамаскінің алаңдаушылығын тудырды. Вашингтон Анкараны шабуылды тоқтатуға шақырды.

XS
SM
MD
LG