Accessibility links

Кремль ЕО-ның Минскіге салған санкцияларын жойғанын құптады


Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Ресей Еуропа Одағының (ЕО) Беларуське салған санкцияларының біразын жою шешімін құптады. Санкциялар Беларусьтегі адам құқығы мен демократия талаптарының бұзылғанына байланысты енгізілген. ЕО елдерінің сыртқы істер министрлері 15 ақпанда активтері бұғауланып, ЕО-ға кіруге тыйым салынған Беларусьтің 170 азаматы, оның ішінде президент Александр Лукашенко мен беларусьтік үш компанияны санкция тізімінен шығаруды мақұлдаған.

"Әрине, біз мұны өте жақсы қабылдаймыз" деді Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ЕО-ның санкцияны алу шешіміне қатысты. Песков ЕО-ның бұл қадамы "санкцияның мүлдем мәні жоқ екенін тағы да дәлелдеп отыр" деді.

ЕО, АҚШ пен өзге де елдер ресейлік шенеуніктер мен компанияларға Мәскеудің Украинадағы саясатына қатысты санкциялар салған.

XS
SM
MD
LG