Accessibility links

Түркияда Мәскеу футбол клубы автобусына бөтелке лақтырды


Мәскеулік "Локомотив" футбол клубының жанкүйерлері (Көрнекі сурет).

Мәскеулік "Локомотив" футбол клубының жанкүйерлері (Көрнекі сурет).

Түркияда Еуропа лигасы ойындарында Стамбулдың "Фенербахче" клубымен ойнауға барған Мәскеудің "Локомотив" командасының ойыншылары мінген автобусты бөтелкемен атқылады.

16 ақпан күні Стамбулда полиция Шюкрю Сараджоглу стадионында "Фенербахчемен" ойнауға кетіп бара жатқан автобусқа бөтелке лақтырған үш адамды ұстады. Полиция үш адамның масаң күйде болғанын және автобус терезелерінің бірі шытынағанын айтады.

Түркия ақпарат құралдары оқиғаға "Фенербахче" фанаттары кінәлі деп хабарлайды.

"Фенербахче" ұтқан ойын аяқталған соң "Локомотивтің" жартылай қорғаушысы Дмитрий Тарасов кеудесінде "Ең әдепті президент" деген жазуы бар Ресей президенті Владимир Путиннің суреті басылған футболкасын көрсету үшін ойын кезінде киген майкасын шешкен. УЕФА басшылығы Дмитрий Тарасовтың бұл әрекетіне қатысты тәртіптік шара қарастыруы мүмкін екенін мәлімдеді.

Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынас өткен жылы қарашада Түркия Сириямен шекарада ресейлік әскери ұшақты атып түсіргеннен кейін нашарлап кеткен.

XS
SM
MD
LG