Accessibility links

Астанада Серік Ахметовті босатуды талап етті


Астанадағы Серік Ахметовті қолдау акциясы
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:23 0:00

Астанада бұрынғы экс-премьер Серік Ахметовті босатуды талап еткен акция. 17 ақпан 2016 жыл. Видеоны Азаттыққа оқырман жолдады.

Астанада бүгін бір топ адам үкіметтік мекемелер жанында экс-премьер Серік Ахметовті қамаудан босатуды талап етіп, наразылық акциясын өткізді.

Наразылық танытқандардың қолында "Біз әділдікті талап етеміз" деген жазуы бар үлкен, ұзын плакат болды. Плакатта биліктің атына коррупциямен батыл түрде күресуді, Серік Ахметовті босатып, бірнеше әкімді "түрмеге отырғызуды" талап еткен жазулар болды.

Акцияға шыққандар Астананың орталығындағы көшелердің бірін аз уақытқа ғана жауып, көлік қозғалысын бөгеді. Біраз уақыттан соң акцияға шыққандарды полиция ұстап әкеткен.

Қалалық ішкі істер департаменті оқиғаға қатысты бірер сағатта түсінік беруге уәде етті.

Серік Ахметов желтоқсан айында "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты" және "өкілетін асыра қолданды" деп айыпталып, 10 жылға сотталған.

XS
SM
MD
LG