Accessibility links

Сайлауды бақылауға ЕҚЫҰ-ның тағы 28 өкілі тіркелді


Қазақстандағы мерзімінен бұрын президент сайлауын бақылаған ЕҚЫҰ ДИАҚБ бақылаушылар миссиясы. Астана, сәуір 2011 жыл (Көрнекі сурет).
Қазақстандағы мерзімінен бұрын президент сайлауын бақылаған ЕҚЫҰ ДИАҚБ бақылаушылар миссиясы. Астана, сәуір 2011 жыл (Көрнекі сурет).

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) жанындағы Демократиялық институттар және адам құқығы бюросының (ДИАҚБ) тағы 28 өкілін парламент мәжілісі сайлауын бақылаушы етіп тіркеді. Бұған дейін ОСК осы ұйымның 12 бақылаушысын тіркеген.

ОСК мүшесі Татьяна Охлопкованың айтуынша, қазірге дейін 19 елден 40 бақылаушы тіркелген.

Парламент мәжілісіне ерте сайлау наурыздың 20-сына белгіленген. ОСК «Нұр Отан» (127 үміткер), «Ақ жол» (35), "Ауыл" (19), "Бірлік" (8) партиялары мен Қазақстан халықтық-коммунистік партиясының (22) және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (23) кандидаттарын тіркеген.

XS
SM
MD
LG