Accessibility links

Қытай даулы аралға зымыран кешенін "орнатқан"


Оңтүстік Қытай теңізіндегі Спратли архипелагына жататын даулы аралдардың бірі.

Оңтүстік Қытай теңізіндегі Спратли архипелагына жататын даулы аралдардың бірі.

Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы аралға зымыран қондырғыларын орнатты. Тайвань билігі 17 ақпанда Қытай Спратли архипелагындағы Вуди аралына саны белгісіз зенит-зымыран кешенін орнатқанын хабарлап, әскери қызметкерлерінің "бұдан арғы жағдайды жіті бақылап отыратынын" мәлімдеді.

Fox News агенттігі АҚШ қорғаныс саласының аты-жөнін атамаған өкілдері бұл ақпаратты растағанын хабарлады.

Интернетте пайда болған спутниктен түсірілген суреттерде Қытай, Тайвань және Вьетнам таласып отырған аралға сегіз зымыраны бар екі кешен мен радар жүйесі орнатылғаны көрінеді.

Соңғы кезде Оңтүстік Қытай теңізінде Қытайдың әскери белсенділігі күшейе түскен. АҚШ, Жапония мен Австралия Қытайдың бұл территорияға иелігін мойындамайды және теңіз сауда жолы дамыған Оңтүстік Қытай теңізі ауданында теңізде жүруге толық еркіндік берілуін талап етеді.

Қытай сыртқы істер министрі Ван И змыран орнату туралы мәліметтерді "кейбір Батыс елдері ақпарат құралдары" таратқанын, олар мұның орнына "Қытайдың аймақта теңіз қауіпсіздігін жақсарту үшін маяктар орнатқанына назар аударғаны жөн екенін" мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG