Accessibility links

Украина: "Батькивщина" коалиция құрамынан шықты


"Батькивщина" партиясының жетекшісі Юлия Тимощенко парламентте. Киев, 16 ақпан 2016 жыл.

"Батькивщина" партиясының жетекшісі Юлия Тимощенко парламентте. Киев, 16 ақпан 2016 жыл.

Украинада Юлия Тимощенконың "Батькивщина" партиясы басқарушы коалиция құрамынан шықты. "Батькивщина" коалицияны "халықты мүлдем құрып кетуге әкеп соқтырған кландар одағы" деп атады.

Партия жетекшісі Юлия Тимощенко бүгін партиясы коалиция құрамынан шығатынын жариялап тұрып, парламенттегі басқа да депутаттардың коалициядан шығуға шақырды.

Бұған дейін "Батькивщина" мен "Самопомощь" партиясының депутаттары парламенттің премьер-министр Арсений Яценюк үкіметіне сенімсіздік вотумын білдіруге қарсы дауыс бергеніне байкот жариялаған.

"Самопомощь" 16 ақпандағы дауыс беруді "үкіметтің арсыз түрде биліктен құлауы" деп атап, президент Петр Порошенконың оған қатысқанын айыптаған.

16 ақпанда Украина парламенті Яценюк кабинетінің жұмысын "көңілден шықпайда" деп мойындап тұрып, отставкаға жібере алмаған. Үкіметке сенімсіздік білдіру вотумын қолдап 194 депутат дауыс берген. Үкіметті отставкаға жіберу үшін вотумды 226 депутат қолдауы тиіс еді.

XS
SM
MD
LG