Accessibility links

Анкарада жарылыстан 28 адам мерт болды


Анкарада болған жарылыс орны. Түркия, 17 ақпан 2016 жыл.
Анкарада болған жарылыс орны. Түркия, 17 ақпан 2016 жыл.

Анкараның орталығында жарылыс болып, 28 адам қаза тапты. 60-тан астам адам жараланды. Жарылыс қала орталығындағы үкімет ғимараты мен парламентке қашық емес жерде болды. Қала мэрі Мехмет Киличлардың айтуынша, шабуылда әскерилер мінген автобустар колоннасы нысанаға алынған болуы мүмкін. Мемлекеттік ақпарат агенттігі билік жарылыстан соң БАҚ жұмысына шектеу қойғанын хабарлады.

Жарылысты кім ұйымдастырғаны әзірге белгісіз. Соңғы уақытта Түркияда "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының содырлары, күрд көтерілісшілері мен экстремистік топтар шабуыл жасай бастаған. Өткен жылдың қазан айында Анкарада темір жол вокзалы маңында бейбіт шеру кезінде күшті жарылыс болып, 102 адамның өмірін қиған еді. Түркия билігі бұл жарылысқа жауапкершілікті ИМ-ді кінәлаған.

XS
SM
MD
LG