Accessibility links

Ресей Украинаны қарызына қатысты сотқа берді


Ресей қаржы министрі Антон Силуанов.
Ресей қаржы министрі Антон Силуанов.

Ресей Украинаны үш миллиард доллар қарызын төлемегені үшін сотқа берді. Ресей қаржы министрі Антон Силуановтың айтуынша, "Украинаны қарызын реттеу жөнінде конструктивті диалогқа тартып, Ресейге берілген еурооблигациялардың ресми түрде несие екенін мойындату әрекеттері сәтсіздікке ұшыраған соң" Лондон жоғарғы сотына арыз түсірген.

Бұл бағалы қағаздар Украинада 2013 жылдың соңында президент Виктор Янукович билігі кезінде шығарылып, оны Мәскеу сатып алған. Бұдан екі айдан соң Янукович жаппай халық толқулары нәтижесінде биліктен түсіріліп, Ресейге кеткен. Киев қазір өзінің қарыздарының көбін қайта құрылымдау туралы келісім жасасқан. Украина билігі Ресейге өзге несие берушілерге жасалғаннан артық ұсыныс жасай алмайтынын айтады.

XS
SM
MD
LG