Accessibility links

Иракта ИМ әскери тікұшақты атып түсірді


Ирак әскери тікұшағы (Көрнекі сурет).
Ирак әскери тікұшағы (Көрнекі сурет).

Ирак билігі "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы содырлары Бағдадтың батысында әскери тікұшақты атып түсіріп, екі ұшқыш пен бір әскери қаза тапқанын хабарлады. Тікұшақ 17 ақпан күні ИМ бақылауындағы Фаллуджа қаласынан оңтүстікке қарай орналасқан Амирия Фаллуджа ауданына жақын маңда атып түсірілген.

ИМ жақтастарының Twitter-де жариялаған мәліметінде тікұшақты өздері атып түсіргенін мәлімдейді.

16 ақпанда Бағдадтың оңтүстігінде, ИМ бақылауындағы территориядан қашықта Ми-17 әскери тікұшағы құлап, экипаждың тоғыз мүшесі түгел қаза тапқан. Ирак билігі тікұшақ техникалық ақаудан апатқа ұшырағанын айтады.

XS
SM
MD
LG