Accessibility links

Сарышаған туралы келісімге өзгерістер мақұлданды


Ресейдің Астрахань облысындағы Капустин Яр полигонынан атылған "Тополь-М" құрлықаралық баллистикалық зымыраны (Көрнекі сурет).

Ресейдің Астрахань облысындағы Капустин Яр полигонынан атылған "Тополь-М" құрлықаралық баллистикалық зымыраны (Көрнекі сурет).

Парламент сенаты депутаттары бүгін Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану туралы келісімге түзетулер мен толықтырулар енгізуді мақұлдады.

Келісімге енгізілетін түзету мен өзгерістер жобасында полигон шекарасын анықтайтын координаттық нүктелер өзгерген. Сонымен қатар жобада Қазақстан жағының полигон территориясының бір бөлігін ауыл шаруашылығы және геологиялық барлау мақсатында пайдалану мәселесін реттеу қарастырылған. Жобада тараптардың келісімімен Қазақстан жағының полигон жерін үшінші елмен бірге, келісімге нұқсан келмейтіндей тұрғыда әскери және әскери-техникалық мақсатта пайдалануына болатыны айтылған.

Ресей Қарағанды облысы аумағында орналасқан Сарышаған полигонын 1996 жылы жасалған келісім бойынша жалға пайдаланады. Полигонның бір бөлігі Қазақстанның қарауында. Полигонда Ресейдің Астрахан облысындағы Капустин Яр полигонынан сынақ ретінде ататын құрлықаралық баллистикалық зымыранына арналған шартты нысаналар бар.

XS
SM
MD
LG