Accessibility links

Ресейде ИМ-мен "байланысқан" 14 күдікті ұсталды


Мәскеудің орталығында Қызыл алаңда тұрған полицей (Көрнекі сурет).

Мәскеудің орталығында Қызыл алаңда тұрған полицей (Көрнекі сурет).

Мәскеу облысында "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мүшелеріне жалған құжат даярлады деген күдікпен 14 адам ұсталды деп хабарлады Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі.

Ресей арнайы қызметі ұсталғандар халықаралық қылмыстық топқа кіретінін және Сирияға ИМ жағында соғысу үшін баратын Ресей мен ТМД елдері азаматтарына және Ресейге теракт жасау үшін келетіндерге құжат жасаумен айналысты дейді.

Қазір жалған құжаттар берілді дегендер іздестіріліп жатыр.

XS
SM
MD
LG