Accessibility links

Обама Пхеньянға санкцияны күшейту заңына қол қойды


АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама Солтүстік Кореяға қарсы санкцияны күшейту туралы заңға қол қойды. Санкция Солтүстік Кореяның ядролық және зымыран сынақтарын жасағаны, адам құқығын бұзып, америкалық үкіметтік сайттарға хакерлік шабуыл жасағаны үшін кеңейтілмек.

7 ақпанда Пхеньян ғарышқа спутник ұшырғанын жария еткен. АҚШ пен Оңтүстік Корея Пхеньян мұны баллистикалық зымыранын сынау үшін ұшырды деп санайды. 6 қаңтарда Солтүстік Корея билігі сутегі бомбасын сынақтан сәтті өткізгенін хабарлаған.

Солтүстік Кореяға қарсы бұған дейін БҰҰ мен Еуропа Одағы да санкциялар салған. Солтүстік Корея 2005 жылы өзін ядролық держава деп атаған. 2006, 2009 және 2013 жылдары бұл елде жерасты ядролық сынақтары жасалған.

XS
SM
MD
LG