Accessibility links

АҚШ соты Рахат Әлиев құдасының шағымын қабылдамады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеубаласы Рахат Әлиев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеубаласы Рахат Әлиев.

АҚШ федералдық соты Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеубаласы Рахат Әлиевтің жақын іскерлік серігі Девинчи Хуранидің жала жабу туралы шағымын қараудан бас тартты.

Судья Розмари Коллиер 18 ақпанда шығарған шешімінде Хуранидің АҚШ-та орналасқан Psybersolutions LLC саяси кеңес беру компаниясына қарсы шағымын қабылдамай тастады. Хурани шағымында компанияны Рахат Әлиевтің танысы делінетін, жұмбақ жағдайда қаза тапқан Анастасия Новикованың өліміне қатысы бар деп қоғамдық үгіт-насихат жүргізу арқылы беделіне нұқсан келтірді деген. Анастасия Новикова 2004 жылы Бейрутта Хурани мен оның ағасына тиесілі үйдің жоғарғы қабатындағы пәтерден құлап қаза тапқан.

Девинчи Хурани - Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның бұрынғы күйеуі, 2015 жылы ақпанда Вена түрмесінде көз жұмған Рахат Әлиевтің қарындасына үйленген Иссам Хуранидің бауыры.

XS
SM
MD
LG